Волейболдан ҚР чемпионаты жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волейболдан ҚР чемпионаты жалғасуда

13.03.2014
Волейболдан ҚР чемпионаты жалғасуда

Волейболдан Таразда өтіп жатқан ерлер арасындағы ел чемпионатының үшінші жарыс күні «ҚазХром» және «Атырау» командаларының арасындағы кездесумен басталды. Ойынның фавориті саналған «ҚазХром» кездесудегі басымдықты толықтай көрсете алды.  

 
Алғашқы сет 25-17 есебімен аяқталып, хромтаулықтардың пайдасына шешілді. Бірақ, атыраулықтар да қарап қалмады. Келесі кезеңде қарсылық көрсетіп, есепті теңестірді.
 
Ал, қалған екі партияда басым түскен «ҚазХром» 3 ұпайға қол жеткізді. Ал чемпиондық бәсекеде топ бастап келе жатқан «Конденсат» «Есілмен» өткен ойында біршама терлеуге мәжбүр болды. Жеңімпаз 5-ші партияда анықталды. Бұл кезеңде «Конденсат» қарсыластарынан  15-8 есебімен басым болды.  
 
 
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу