Волейболдан Таразда өтіп жатқан ерлер арасындағы ел чемпионатының үшінші жарыс күні «ҚазХром» және «Атырау» командаларының арасындағы кездесумен басталды. Ойынның фавориті саналған «ҚазХром» кездесудегі басымдықты толықтай көрсете алды.
Алғашқы сет 25-17 есебімен аяқталып, хромтаулықтардың пайдасына шешілді. Бірақ, атыраулықтар да қарап қалмады. Келесі кезеңде қарсылық көрсетіп, есепті теңестірді.
Ал, қалған екі партияда басым түскен «ҚазХром» 3 ұпайға қол жеткізді. Ал чемпиондық бәсекеде топ бастап келе жатқан «Конденсат» «Есілмен» өткен ойында біршама терлеуге мәжбүр болды. Жеңімпаз 5-ші партияда анықталды. Бұл кезеңде «Конденсат» қарсыластарынан 15-8 есебімен басым болды.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ