«Қазақстан Барысы» IV маусымын бастайды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан Барысы» IV маусымын бастайды (ВИДЕО)

12.03.2014
«Қазақстан Барысы» IV маусымын бастайды  (ВИДЕО)

«Қазақстан Барысы» төртінші маусымын бастайды. Осыған орай ауқымды шара ұйымдастырушылары Елорда төрінде жиналып, арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Ұлттық спортты насихаттайтын жарыстың биылғы ерекшелігі қандай болмақ?

 
Жылдағы дәстүр бойынша іріктеу кезеңі үш сатыдан тұрады. Наурыз бен сәуірде ауылдық және аудандық жерлерде іріктеу өтсе, облыстық деңгейдегі іріктеу мамыр айына жоспарланған. 
 
Әр облыс намысын екі палуаннан қорғайтын болады. Тек өткен жылы «Қазақстан Барысы» атанған семейлік Айбек Нұғымаров қана іріктеуден өтпейді. Шығыстың атынан үш палуан сынға түсетіндігін айта кетейік.
 
Тастанбек Есентаев, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы:
Төрешілер саны 12-ден 6-ға қысқарды. Олар арнайы емтихан тапсыру арқылы таңдалады.
 
 Бұдан басқа, билығы жылғы «Қазақстан Барысының» жобасына біршама өзгерістер енген. Алайда, жүлде қоры сол қалпында қалады. Бас жүлдеге тігілген «темір тұлпарды» биыл көрермен көзайымына айналған палуан алады.
 
Сонымен қатар, жеңімпаздың бапкерінің жүлдесі қысқарды.Ал, іріктеу дұрыс жүргізбеген аймақтың палуандары ақтық сынға жіберілмейтін болады.
 
29 маусымда Астана қаласындағы «Сарыарқа» кешенінде өтетін ақтық сынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы және «KAZsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, осы уақытта футболдан Әлем чемпионатының барлық мачтарын көрсететін «KAZsport» арнасы «Қазақстан Барысы» турнирін де көрермен назарына ұсынбақ.
 
Диас Ахметшәріп, «KAZsport» арнасының директоры:
Қанша уақытқа созылса да, эфир уақытын бөліп отырмыз. Мамыр айында басталатын іріктеу жарыстарын да көрсетуге әзірміз.
 
Телжан КҮДЕРОВ

Хабарламаларға жазылу