Сочи-2014: Бүгін қазақстандық спортшылар шаңғы бәсекесіне шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014: Бүгін қазақстандық спортшылар шаңғы бәсекесіне шығады

23.02.2014
Сочи-2014: Бүгін қазақстандық спортшылар шаңғы бәсекесіне шығады

Бүгін, 23 ақпанда Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар тек бір ғана сайысқа қатысады.

Қысқы ойындардың соңғы күні Қазақстан спортшылары шаңғы жарысында бақтарын сынайды. Еркін стильдегі 50 шақырымдық сайысқа еліміздің атынан Евгений Величко, Сергей Черепанов, Марк Старостин мен Ердос Ахмадиев шығады.

Жалпы, бұл додаға барлығы 66 спортшы қатысады. Жарыс Астана уақыты бойынша сағат 13.00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу