Шорт-тректен қазақстандықтар финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шорт-тректен қазақстандықтар финалда

20.02.2014
Шорт-тректен қазақстандықтар финалда
 
Ертең дәл мына «Айсберг» спорт кешенінде шорт-трек ойынының финалы өтеді. Қазақстандық команда азулы Ресей, Нидерланд, Қытай, және АҚШ құрамаларымен сынға түспек. Ақтық кезеңге өту оңайға соқпады.
Жартылай финалдық кезеңде оңтүстіккореялық спортшылар АҚШ шорт-трекшілерінің жолын кесті. Корей спортшысы америкалықты өзімен бірге құлатып, жарыс жолында артта қалып қойды. Сөйтіп, АҚШ құрамасы төрешілерге шағым түсіріп финалдық кезеңге 5-ші жолдама қостырды. Дей тұрғанмен, бұл бесінші команда біздің жігіттердің өнеріне бөгет болмасы анық.
Мәдіғали Қарсыбеков, Шорт-тректен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері:
 
 
Әрине толқу бар. Бізден нәтиже күтіп отыр. Күллі Қазақстан бізге жанкүйер. Қолдағандары үшін алғыс білдіргім келеді.
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
 

<div justify;\\\\\\\"=""> Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу