Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко командалық жарыс кезінде денсаулығы сыр бергені жөнінде федерация жетекшілігіне мәлімдегенін айтты. Дегенмен оның сөзінше, спорт шенеуніктері мәнерлеп сырғанаушыны мұзайдынға шығуға мәжбүрлеген.
«Федерация президентінен сұраңыздар, мән-жайды толық айтады. Мұзайдынға шығуға не үшін талпынғанымды, өзге спортшылар неге шықпағанын түсіндіріп береді», - дейді Плющенко CNN телеарнасына берген сұхбатында.
|