Сочи Олимпиадасындағы бобслей жарысында Александр Зубков пен Алексей Воевода жеңіске жетіп, Ресей құрамасына бесінші «алтында» алып келді.
Зубков пен Воевода үш кезең бойынша көш басында тұрды. Олардың нәтижесі – 3 минут 45,39 секунд. Швейцариялық Беат Хефти мен Алекс Бауман (+0,66) екінші нәтижені көрсетті. Үздік үштікке америкалық спортшылар Стивен Холкомб пен Стивен Лэнгтон (+0,88) ілінді.