Денис Кузин: Жаттығуды әрі қарай жалғастырамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Кузин: Жаттығуды әрі қарай жалғастырамын

16.02.2014
Денис Кузин: Жаттығуды әрі қарай жалғастырамын
Қазақтандық конькимен жүгіруші Сочи Олимпиадасында 1500 метрлік қашықтықты 9-шы орында аяқтады. Оның нәтижесі – 1 минут 45.69  секунд. Денис Кузин бұл қашықтықтағы нәтижесіне пікір білдірді.
 
«Қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтамын. Бүгін жүлде алмадым, бірақ, мен бұл қашықтықта бұрын-соңды болмаған нәтижені көрсеттім. Бұл қашықтықта қалай жүгіру қажет екенін осы жылы түсіне бастадым. Мен үшін 9-шы орын - жақсы нәтиже. Енді бұл нәтижені жақсартуға ұмтылу керек. Ол үшін төрт жыл уақытым бар. Үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Әзірге күшім жетпейтін шығар. Бірақ, әрі қарай жаттығуды жалғастырамын» - дейді Денис Кузин.

Хабарламаларға жазылу