Қырғыз Республикасы Дене шынықтыру және спорт мемлекеттік агенттігінің ақпараты бойынша, тау шаңғышысы Евгений Тимофеевке Сочидегі Қысқы Олимпиадада Дмиртий Треловскийдің орнына шығуға рұқсат берілді.
Бұл шешімді Қырғыз Республикасы ҰОК басшылығы, Тау шаңғы спорты халықаралық федерациясы және Халықаралық Олимпиадалық комитет бірлесе қабылдаған.
Қырғыз Республикасы Олимпиадалық құраманың жалғыз өкілі Дмитрий Треловский жаттығу барысында жарақат алып, дәрігерлер оған жарысқа қатысуға тыйым салған болатын.
19 жастағы Евгений Тимофеев бүгін Сочиге аттанып кетті.