Денис Тен Олимпиададағы өзінің басты қарсыласын атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денис Тен Олимпиададағы өзінің басты қарсыласын атады

13.02.2014
Денис Тен Олимпиададағы өзінің басты қарсыласын атады
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің сайыс алдындағы көңіл-күйі туралы айтты.
 
«Мен кішкене толқып жүрмін! Алайда мен қазақстандықтардың, жанұям мен достарымның қалай қолдап жатқанын білемін. Бұл қолдау мені қатты жігерлендіруде! Ал басты қарсылас, ол әрине – өзім. Кез келген спортшы өзінің ішіндегі толқу мен қорқынышты еңсерген кезде ғана, медальдар туралы айта алады» - дейді жас спортшы.
 
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Дениспен қатар Абзал Рақымғалиев те сынға түседі. Олардың қысқа бағдарламасын Астана уақытымен 21:00-де «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу