Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринтте қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько іріктеуден өтіп, ширек финалға шықты.
Іріктеу кезеңінде норвегиялық Ола Виген Хаттестад үздік нәтиже көрсетті. Оның уақыты – 3 минут 28.35 секунд. Екінші орында ресейлік Сергей Устюгов (+1.91). Ал жеңімпаздан 9,53 секунд қалып қойған Николай Чеботько үздік отыздыққа енді.
Чеботьконың нәтижесін Денис Волотка (58-ші орын) мен Роман Рагозин (33-ші орын) қайталай алмады.
|