Сочи-2014. Қазақстан спортшыларының 10 ақпандағы көрсеткіші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочи-2014. Қазақстан спортшыларының 10 ақпандағы көрсеткіші

11.02.2014
Сочи-2014. Қазақстан спортшыларының 10 ақпандағы көрсеткіші

  10 ақпанда Сочидегі Олимпиадада қазақстандық спортшылар спорттың бес түрінен сынға түсті, деп хабарлады, Sports.kz.

Алдымен шорт-трек спортшылары өнер көрсетті. 1500 метрлік қашықтықта ерлер арасында Айдар Бекжанов пен Денис Никиша қатысты. Жарыс қорытындыларымен Бекжанов өз алтылығында бесінші орыннан, ал Никиша - төртінші орыннан көрінді. Бұл нәтижелер біздің спортшылардың іріктеу сатысына өтуіне жол бермеді.

Осы сайыс түрінен 500 метрлік қашықтықта финалға жолдама үшін Инна Симонова ғана күресті. Иннаның нәтижесі соңғы төртінші орын болып, қазақстандықтың одан әрі өтуіне кедергі жасады.

Конькиші Роман Креч 500 метрлік жарысқа шықты. Алғашқы кезеңде біздің спортшы тоғызыншы болып келді, ал екінші қорытынды жарыста жетінші нәтиже көрсетіп, «алтынға» қол жеткізген голландтық Михел Мюлдерден жүзден 73 секунд кейін қалды.

Биатлон жарысында 12,5 шақырымдық қашықтықта қазақстандық Ян Савицкий мен Сергей Наумик қатысты. Савицкий мәреге 29-ші болып келіп, екінші шепте бір қателік жіберді. Наумиктің нәтижесі - төрт қателікпен 58-ші орын.

Шана спортында Олимпиадада алғаш ойын көрсеткен Елизавета Аксенова бір орындық шанамен екі жарысқа қатысып, сәтсіз аяқтады. Алғашқы айналымда Елизавета 31 қатысушының арасында 28-ші болды, ал екінші жарыста 29-шы орынға түсіп қалды.

Фристайлда медаль үшін могулшылар сайысты. Қазақстаннан оған Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков және Дмитрий Бармашов қатысты. Алғашқы іріктеу сатысында Рейхерд 7-ші орыннан табылып, финалға өтуге мүмкіндік алды, ал оның құрамадағы әріптестері іріктеудің екінші кезеңіне қатысты. Екінші іріктеу сайысында Колмаков төртінші болып келіп, финалға өтті. Дмитрий Бармашов 16-ші нәтижемен жарысты аяқтады.

Алғашқы финалда Рейхерд пен Колмаков тиісінше бесінші және 11-ші болып келіп, екінші айналымға шықты. Екінші финалда Рейхерд бесінші нәтиже көрсетіп, финалшылардың басты алтылығына енді. Павел Колмаков бұл кезеңді оныншы орынмен аяқтап, марапатқа ілігуден үмітін үзді.

Үшінші шешуші финалда Рейхердтің қарсыластары Канада, АҚШ және Ресей фристайлшылары болды, біздің спортшы барлығы 22,80 балл жинап, жарыстың жалпы қорытындысымен құрметті бесінші орынға табан тіреп, американдық Патрик Дениннен алға озды. Әзірге бұл нәтиже қазақстандық спортшылардың Сочи Олимпиадасындағы ең жоғары табысы болғанын атап өткен жөн.

 

 

Сочи Олимпиадасындағы жарыстарды «KAZsport» телеарнасы күн сайын тікелей эфирде көрсетуде.  Олимпиадаға қатысты ақпараттарды мына жерден таба аласыздар.

Хабарламаларға жазылу