Сочи Олимпиадасында конькимен жүгіруден ерлер арасында 500 метрлік қашықтықтағы жарыстар басталады. Қысқа қашықтықта еліміздің атынан Роман Креч сынға түседі. Ол үшінші жұпта корейлік Ли Гю Хекпен шығады.
Бұл жарысты «KAZsport» телеарнасы 19:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін 5000 метр қашықтықта жарысқан қазақстандық Дмитрий Бабенко 15-ші орын алған болатын.