Бекжанов, Никиша және Симонова жарысты бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекжанов, Никиша және Симонова жарысты бастайды

10.02.2014
Бекжанов, Никиша және Симонова жарысты бастайды
Сочи Олимпиадасында бүгін шорт-трек жарыстары басталады. Ерлер арасындағы қашықтығы 1500 метр болатын шорт-трек жарысында Айдар Бекжанов пен Денис Никиша сынға түседі. Олар жарыс жолына Астана уақытымен 15:45-те шығады.  
 
Төртінші айналымда сайысқа түсетін Айдар Бекжановтың қарсыластары - Шарль Амлен (Канада), Семён Елистратов (Ресей), Бенс Беренс (Венгрия), Эдуардо Алварез (АҚШ) және Максим Шатанье (Франция).
 
Бесінші айналымда жүгіретін Денис Никишаның қарсыластары - Франсуа Амлен (Канада), Нильс Керстхольт (Голландия), Тибо Фоконне (Франция), Сандор Лю Шаолинь (Венгрия) және Войцех Лудин (Чехия).
 
Ал әйелдер арасындағы 500 метр қашықтықта Инна Симонова  жүгіреді. Іріктеу кезңі 16:30-да басталады. Қазақстандық спортшы оныншы айналымда жүгіреді. Бәсекелестері - Аюко Ито (Жапония),  Мариан Сен-Желе (Канада) және Яра Ван Керкхоф (Голландия).

Хабарламаларға жазылу