Сочи Олимпиадасында ерлер арасынан шаңғымен тұғырдан секіру бәсекесінде «алтын» жүлдені польшалық Камио Стох жеңіп алды. Оның көрсеткіші – 278 ұпай. Бұған дейін спортшы 2013 жылғы Әлем чемпионатында топ жарған болатын.
Екінші орынды словениялық Петер Првец (265,3), үшінші орынды норвегиялық Андрес Бардаль (264,1) місе тұтты.