Алексей Полторанин жарысты 16-орында аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Полторанин жарысты 16-орында аяқтады

09.02.2014
Алексей Полторанин жарысты 16-орында аяқтады
Сочи Олимпиадасында ерлер арасында скиатлон жарысы мәресіне жетті. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин мәре сызығын 1 сағат 8 минут 51.5 секундта кесіп өтіп, жарысты 16-шы болып аяқтады. Евгений Величко 32-ші, Сергей Черепанов 49-шы, Маркс Старостин 56-шы келді.
 
Скиатлон жарысында швейцариялық Дарио Колонья «алтын» алды. Швециялық Маркус Хельнер «күміс», норвегиялық Мартин Йонсруд Сундбю «қола» еншіледі.
 
1. Дарио Колонья (Швейцария) 36:04.9 (13)
 
2. Маркус Хельнер (Швеция) +0.4
 
3. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) +1.4
 
 
16. Алексей Полторанин (Қазақстан) +36.1
 
32. Евгений Величко (Қазақстан) +2:50.2
 
49. Сергей Черепанов (Қазақстан) +5:24.3
 
56. Марк Старостин (Қазақстан) +7:21.2

Хабарламаларға жазылу