Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы даниялықтардан басым түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы даниялықтардан басым түсті

08.02.2014
Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы даниялықтардан басым түсті
Хоккейден Қазақстанның Ұлттық құрамасы Euro Ice Hockey Challenge турнирі аясында Дания құрамасын ұтып  екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
Францияның Бриансон қаласында өтіп жатқан додада Ари-Пекка Селиннің шәкірттері Дания командасын 4:3 есебімен сан соқтырды. 
 
Тартысты басталған ойынның алғашқы кезеңінде-ақ жанкүйерлер  5 шайбаның соғылғандығына куә болды. Оның 3-еуін қарсыластар  қақпасына Қазақстан хоккейшілері Роман Старченко, Федор Полищук және Михаил Паншин тоғытқан еді.
 
Ал барынша тартысты өткен 2-ші кезеңде қарсыластар бір-біріне қарымта шайбасын салды. Қорытынды кезеңде тас қамал қорғанысқа көшкен командалар есеп аша алмады. Осылайша Қазақстан спортшылары даниялықтардан 4:3 есебімен басым түсті.
 
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ари-Пекка Селиннің шәкірттері Франция командасын 4:2 есебімен тізе бүктірген еді. Қазақстандықтардың сапынан Евгений Гасников, Роман Старченко, Алексей Литвиненко, Роман Савченко гол авторлары атанды. 
 
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы Германиямен кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Хабарламаларға жазылу