Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында семейлік шаңғышы Ердос Ахмадиев Қазақстан Ұлттық Құрамасының Туын ұстап шықты.
Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарына қазақстандық спортшылар 11 ойын түрінен 52 лицензияға ие болған-тын.
Айта кетейік, өткен Олимпиада ойындарында еліміздің Туын биатлоншы Диас Кенешов ұстаған.
Сочи-2014 Қысқы Олимпиада ойындарын KAZsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.