«Астана Моторспортс» командасы енді «Формула-1» жарыстарына қатысады. Корольдік сайыста еліміздің атынан Даниель Джункадэлия бағын сынайды. Бұл туралы бүгін «Астана Моторспортс» командасы «Дакар-2014» жарысының қорытындысы туралы ұйымдастырған арнайы баспасөз мәслихатында белгілі болды. Сонымен қатар, команда мүшелері жиналған қауыммен алдағы жоспарлары және сайыста алған әсерлерімен бөлісті.
Айта кетейік, «Дакар-2014» марафонында ел намысын 3 жол талғамайтын және бір жүк көлігі қорғады. Оның ішінде тек бір көлік қана мәре сызығына жете алмады. Қалғандары өз санаттары бойынша үздік 20-ға енді. Алдағы уақытта еліміз әлемнің барлық автоспорт жарыстарына қатысып, ел намысын қорғайтын болады.
Руслан БАЙДӘУЛЕТОВ