Қазақстандықтардың Сочи Олимпиадасына дайындық үшін жұмсаған шығыны 1 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы Спорт және денешынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлімдеді.
Айта кетейік, ХХІІ Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың 10 түрінен 40 лицензия ұтып алды.
Сондай-ақ, Қазақстан орын алған спортшыларға беретін сыйақы мөлшері бойынша қатысушы елдер арасында көш басында. Алтын медаль алған спортшыларға – 250 мың АҚШ доллары, күміс медаль иеленгендерге – 150 мың АҚШ доллары, ал қола медаль алғандарға 75 мың АҚШ доллары беріледі.