Бүгін таңғы сағат 6-да «Екатеринский кварталдың» медиа бөлімінде дабыл қағылып, ғимаратты босату туралы хабарлама айтылды. Журналистер (оның ішінде шетелдік БАҚ өкілдері де бар) түкке түсінбей, сыртқа ағылды.
10 минут өткен соң, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қонақүй қызметкері келіп болған жайды түсіндірген. Белгілі болғандай, журналистердің бірі нөмірде темекі шекпекші болған. Осыдан кейін дабыл жүйесі іске қосылған көрінеді.