Хоккейден Словакия құрамасының капитаны Хара Здено Сочи Олимпиадасының ең биік және ең салмағы ауыр қатысушысы атанды.
Оның бойы 206 сантиметр, ал салмағы 117 келі. «Бостон Брюинз» клубының қорғаушысы және ол Олимпиаданың ашылу салтанатында өз елінің ту ұстаушысы болмақ.
Ал мәнерлеп сырғаушылар - жапониялық Наруми Такахаши мен канадалық Лайм Фирус ең бойы аласалары болып отыр.
Аса жеңілдері - украиналық фристалист Александр Окипнюк, австриялық трамплиннен секіруші Кьяра Хельцель, неміс шорт-трекші Анна Зайдел ( 43 келі), деп хабарлайды Vesti.kz.