Сочиде аккредитация берілмеген журналистерге арналған медиаорталық жұмыс істейді. Оны РИА Новости медиахолдингі ұйымдастырған.
288 адамға лайықталған медиаорталық тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Аккредитация беру 2013 жылдың 1 маусымынан басталды және Паралимпиада ойындары аяқталғанша жалғасады.
Медиаорталықтың үш залы және сөйлесу бөлмелері бар. Орталық ашылған сәттен бастап мобильді қосымшалармен қатар, БАҚ өкілдеріне арналған СМС-сервис қойылады.
Жобаның басты мақсаты – Сочидің бас корпусынан рұқсат ала алмаған журналистердің Олимпиадалық жаңалықтардан хабардар болуына жағдай жасау.