Ақ Олимпиадаға аттанғандарға сенім зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақ Олимпиадаға аттанғандарға сенім зор

03.02.2014
Ақ Олимпиадаға аттанғандарға сенім зор

Ақтөбеде жас боксшылар бақ сынасуда. Олар 17-18 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктелуде. 11 салмақ дәрежесі бойынша 80 боксшы жұдырықтасып, мықтылықтарын анықтауда.
 
 Ақтөбе өңірінде спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Қарсыластар бір-біріне оңайлықпен беріспейді. Бұл біздің тәуелсіз ел тұрғындарына тән қасиет, дейді жаттықтырушылар. Қай спорт түрі болмасын мақсат - жеңіс.
 
 Сочи Олимпиадасына аттанғалы отырған спортшылардың жүгі ауыр. Былғары қолғап шеберлері отандастарымыздың абыроймен оралуына тілектес. Ел даңқын асқақтататынына сенімді.

Хабарламаларға жазылу