Ақтөбеде жас боксшылар бақ сынасуда. Олар 17-18 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктелуде. 11 салмақ дәрежесі бойынша 80 боксшы жұдырықтасып, мықтылықтарын анықтауда.
Ақтөбе өңірінде спорттың бұл түрі жақсы дамыған. Қарсыластар бір-біріне оңайлықпен беріспейді. Бұл біздің тәуелсіз ел тұрғындарына тән қасиет, дейді жаттықтырушылар. Қай спорт түрі болмасын мақсат - жеңіс.
Сочи Олимпиадасына аттанғалы отырған спортшылардың жүгі ауыр. Былғары қолғап шеберлері отандастарымыздың абыроймен оралуына тілектес. Ел даңқын асқақтататынына сенімді.