FIS президенті: Сочидің таңдалуынан Халықаралық Oлимпиада комитетінің абыройына нұқсан келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

FIS президенті: Сочидің таңдалуынан Халықаралық Oлимпиада комитетінің абыройына нұқсан келді

03.02.2014
FIS президенті: Сочидің таңдалуынан Халықаралық Oлимпиада комитетінің абыройына нұқсан келді

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) президенті Джанфранко Каспер Сочи Олимпиадасы қымбатқа түскенін айтады.
 
 «Мұндай асыра сілтеушілік біздің спортты құртатыны сөзсіз.  Олимпиада ойындарына деген шығын уақыт өткен сайын еселеніп жатыр. Мюнхеннің 2022 жылы өтетін Олимпиада ойындарынан бас тартуының басты себебі осы. Өйткені, халық мұндай ойындарға миллиардтар жұмсалып жатқанын көрді. Сочиді таңдағанда Халықаралық олимпиада комитетінің абыройына тағы да нұқсан келді. Стадиондардағы көрермендер саны шектелді, жергілікті тұрғындар спортқа мүлде қызықпайды»,-дейді Каспер.
 
 Айта кету керек, мұның алдында Каспер Сочи Олимпиадасына бөлінген қаражаттың 13 миллиард еуросы қолды болғанын хабарлаған. Алайда, кейін ол бұл сөзінен «дұрыс аударылмаған», деп бас тартқан болатын.

Хабарламаларға жазылу