Жерлестеріміз төреші ысқырығы естілісімен, мұзайдында ширақ қимылдады. Алғашқы кезеңде Роберт Макмиллан мен Александр Федосеев мергендік танытты.
Екінші жиырма минуттықта Константин Макаров үшінші шайбаны соққаннан кейін, айдын иелері ес жиды. Шамиль Рамазанов пен Игорь Васильев есеп айырмасын қысқартты.
Шешуші кезең «Сарыарқаның» айқын басымдығымен өтті. Александр Федосеев екі рет көзге түсіп, хет-трик авторы атанды. Тағы бір шайбаны Дмитрий Самарин еншісіне жазды. Қорытынды есеп 2:6.