Маклин Осуману Адамаға Головкинді қалай ұру керек екені жөнінде кеңес берді. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маклин Осуману Адамаға Головкинді қалай ұру керек екені жөнінде кеңес берді.

01.02.2014
Маклин Осуману Адамаға Головкинді қалай ұру керек екені жөнінде кеңес берді.

Британдық боксшы Мэттью Маклин ганалық Осуману Адамаға қазақстандық Геннадий Головкинмен қалай бокстасу керек екені жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
 
 Мэттью Маклин Головкинмен 2013 жылдың маусым айында кездесіп, үшінші раундта жеңіліс тапқан еді. Енді ол Головкиннің келесі қарсыласына оны қалай жеңуге болатыны жөнінде ақыл айтты.
 
 «Головкинге қарсы ойында жеңіске жетемін десе, Адама қарсыласын алаң ортасынан ығыстыра отырып, оның еркін соққы жасауына кеңістік қалдырмауы керек. Менің ойымша, Головкин жақын қашықтықтағы ұрысқа онша шебер емес. Адамаға арақашықтықты қысқарта отырып,  жиі-жиі иек астынан соққы жасауға, қарсыластың бір соққысына екі соққымен жауап қайтарып отыруға кеңес беремін»,-деді  Маклин.
 
 Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Осуману Адама жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу