Сочиде олимпиадалық ауыл ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде олимпиадалық ауыл ашылды

01.02.2014
Сочиде олимпиадалық ауыл ашылды

Сочидегі қысқы Ойындарға қатысатын спортшылар жайғасатын таудағы олимпиадалық ауыл салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды «Р-Спорт».
 
Олимпиада Ойындарына арналып үш ауыл тұрғызылды. Олардың екеуі тауда, «Лаура» шаңғы-биатлон кешенінің жанында орналасқан.
 
Ашылу салтанатына олимпиадалық ауылдың мэрі Светлана Журова, вице-мэр Алексей Немов, Ресей спорт министрі Виталий Мутко, «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко, сонымен қатар спортшылар мен волонтерлер қатысты.

Хабарламаларға жазылу