Бокстан жауынгерлер арасындағы чемпионат аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан жауынгерлер арасындағы чемпионат аяқталды

25.01.2014
Бокстан жауынгерлер арасындағы чемпионат аяқталды

Ел тыныштығын көктен бақылап, әскерлерді әуе шабуылынан қорғайтын аэроұтқыр күші - жан-жақты. Жауынгерлік дайындықтан бөлек, спорттың әр саласында ойып тұрып орын алады. Боксқа ерекше ден қойған десантшылардың бүгін тізімі анықталды. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған чемпионатта кімдер жеңіс тұғырына көтерілді?

 
Шымырлар додасына қарап отырып, тура бір әлем чемпионатына тап болғандайсың. Қуаныштысы, жеңіс шекара аспайды, өз елінде қалады. Парашюттен секіріп, көкте ұшақпен тактикалық ұрыс қимылдарын көрсететін Жандос Жанпейіс бокста да шапшаң. 56 келі салмақта алдына жан салмады. Алғашқы раундта-ақ қарсыласын сілейте соқты. 17:8 есебімен жеңіске жетті.
 
Жандос Жанпейіс, Райымбек батыр атындағы 32363 аэроұтқыр әскери бөлімінің қатардағы жауынгері:
Қиындау болды, дайындықтың арқасында жеңіс болды. Биітен көрінсем, деймін. Соған сенімдімін.
 
60-64 келіде Данияр Жапеков пен Ильяс Серіков тамаша ойын көрсетсе, 69-75 салмақта Есбол Бектібай мен Нұрболат Айлестің жолы болды. Ал, ең ауыр 91 келіде Семен Сидякин оқ бойы озық шықты. Аэроұтқырдың Қапшағайдағы әскери бөлімі жалпы есепте үздік атанды.
 
Болат Жұмаділов, Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері:
Бокста еңбек етпесең, жеңіске жету қиын болады. Балалардың еңбек еткендері көрініп тұр, бар күш-жігерін салып жатыр. Жауынгерлер нағыз патриоттар деп айтуға болады.
 
Бокс жеңімпаздары арнайы медальдармен марапатталды. Кубокты қолға ұстаған жігіттер жеңіске тоқмейілсімей әлі де шыныға түсу керек, дейді. Сонда әлем додаларында топ жаруға мүмкіндік мол.
 
Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу