Самбо саңлақтары саралануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самбо саңлақтары саралануда

25.01.2014
Самбо саңлақтары саралануда

Алматы 17 мемлекеттің ең үздік 350 самбошысының басын қосты. Самбо күресі мен әскери самбодан ерлер мен әйелдер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін Әлем кубогына таласуда. Турнир ашылысымен үш орынға төселген кілемде белдескен спортшылар күш иесін танымастың үлгісін көрсетті.

Бүгінгі қорытынды есепте Моңғолия, Болгария, АҚШ, Қырғыз Республикасының құрамаларында 1 алтыннан, Ресей қанжығасында 5 алтын бар. Ал ел намысын қорғаған 52 келі салмақтағы Бейімбет Қанжанов пен 62 келідегі Бағдат Жарылқасовтардың бағы жанды. Сол секілді Әлкей Асылбек те Қазақтың Туын биікке көтерді. Әскери самбода өнер көрсеткен Төлеш Абылайдың ақтық сында жолы болмады. Әзірше қоржынымызда үш алтын бар.

 
Дархан Сержанов, турнирге қатысушы:
Үлкен жарыстарда топ жарып жүрген палуандар келген. Ресей құрамасында толық 4 спортшыдан келді. Өте қиын болып жатыр. Енді бір белдесуден кейін ақтық финалға шығатын боламыз, дайындығымыз жақсы. Жеңімпаз атанамын деген үміттемін.
 
Айгүл Ермахан

Хабарламаларға жазылу