2013 жылғы қаңтардың ортасында Қысқы Олимпиада ойындарына арналған билеттердің 70 пайыздан астамы сатылып кетті.
«Сочи-2014» Ұйымдастыру комитетінің мәліметтері бойынша, Ресей қалаларының ішінде билет сатып алуда көш бастап тұрған Мәскеу мен Сочи (сатылған билеттердің 22 пайызын құрайды). Үшінші орында - Краснодар (7 пайыз), одан кейін Санкт-Петербург және Дондағы Ростов (4 пайыз).
Ал Олимпиаданың көрермен билеттерінің 30 пайызын шетелдіктер сатып алған.