Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында Жаңа жылдағы алғашқы кездесуін сырт айдында «Витязь» командасымен өткізіп, жеңіске жетті.
Есепті айдын иелері ашты. Шайба авторы - Солодухин. Араға 4 минут салып астаналықтар жауап қайтарды. Талғат Жайлауов пен Брэндон Боченскидің көмегімен Найджел Доус есепті теңестірді.
Кездесу тағдыры ойын соңындағы буллит арқылы шешілді. Қорытынды есеп - 1:2. Ертең Ари-Пекка Селин шәкірттері Мәскеудің «Динамо» командасымен сырт айдында кездеседі.