Қызылжарда қымыз фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылжарда қымыз фестивалі өтті

19.08.2019

Бал қымыз, құнан қымыз, дөнен қымыз, қысырақтың қымызы. Петропавлда дәстүрлі қымыз фестивалі өтті. Өңірдегі жылқышылар мың литрден астам қымыз әкеліп, қызылжарлық ағайын бір жырғап қалды.

Бұған қоса, әр ауданның өкілдері ет асып, ұлттық тағамдарымыздан дастархан жайды. Салт аттылар шеруі мен қолөнершілер көрмесі шараның шырайын кіргізді. «Соңғы 3 жыл бойы үзілмей өткізіліп келе жатқан «ҚымызFest»-тің басты мақсаты - ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, қазақтың өнері мен мәдениетін көрсету, насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар.

Ерлік Мұхамеджанов, ұйымдастырушы:

Алыс-жақыннан қонақтар келіп жатыр. Оларға фестиваль ұнап жатыр. Якутияда да осы қымызға байланысты мереке өтеді екен.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу