«Алтын адамның» табылғанына 20 жыл толуына орай жәдігер Санкт-Петерборда көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтын адамның» табылғанына 20 жыл толуына орай жәдігер Санкт-Петерборда көрсетіледі

15.08.2019

Теңдессіз тарихи жәдігерге айналған екінші «Алтын адамның» табылғанына биыл 20 жыл. Осыған орай, темір дәуірінен жеткен бірегей мұра, Ресейдің Санк-Петербург қаласында көрмеге қойылып, қалың жұртшылықтың назарына ұсынылады. 

Құнды жәдігермен алғаш танысқан Асан, Сармат көсемінің тұлғасынан батырлық пен өр рухты сезінгенін айтады.  Біздің дәуірімізге дейінгі 2-3 ғасырға тиесілі «Алтын адам», аты айтып тұрғадай саф алтынмен көмкерілген. Киіміндегі әр деталь асқан шеберлікпен жасалған. Көшірмесінің өзі, келушілердің таңданысын тудырып келеді.

Асан Тоғаев, тұрғын:

«Алтын адамды» қасынан көріп, үлкен керемет әдемі әсер алып отырмын. Киімдеріне таққан бұйымдарының ерекшелігі, дизайнерлік сипаты таңқалдырды.

«Алтын адам» – Атыраудың ғана емес, күллі қазақтың мақтанышы. Оны өзге елге паш ету – абыройлы іс. Қазір музей қызметкерлері Сармат көсеміне тиесілі барлық экспонаттарды, алыс сапарға дайындап жатыр.

Рашида Харипова, Облыстық тарихи-өлкетану музейінің басшысы:

Бұл «Алтын адаммен» қатар, осы қазба жұмысында табылған қорымның макеті, жалпы қыш бұйымдар, әшекей бұйымдары, алтын жапсырмалардың барлығы да көрмеге апарылатын болады. Осы мақсатта «Алтын адам» киіміне жасалынған жапсырмалардың барлығы жіне аса таяқтың басындағы самұрық құсының бейнесінің көшірмесі қайта дайындалу үстінде.

Сармат көсемінің киімі мен жауынгерлік қару-жарақтарында ромб, үш бұрыш, төрт бұрыш, пирамида тәріздес 20-дан атсам өрнектер  бар. Бұл белгілер,  сол кездің өзінде-ақ адамзаттың өркениетке ұмтылғанын аңғартып тұр.

Жандос Темірғали, тілші:

Бұл сармат көсемінің киіміндегі алтын жапсырмалардың түп нұсқасы. Қазіргі уақытта мұның көшірмесі Алматы қаласындағы «Қырым Аралы» ғылыми институтында жасалып жатыр. Ал мына алақанымдағы самұрық құстың бейнесі, бұл «Алтын Адамның» аса таяғында болған.

Тарихымызды таныту – рухни жаңғырудың негізгі тетігі. Қараша айында «Алтын адамның» көшірмесі Санк-Петербург қаласындағы Петропавл қамалының Камендант үйіне қойылмақ. 200-ге жуық жәдігер 20 күн бойы Ресей жерінде ежелгі тарихымыздан сыр шертпек.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу