«Almaty Nomad» саяхатшылар клубының өкілдері «Туған жер: туған өлкеге саяхат» атты байқау жариялады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында аталған ұйымның директоры Мадина Ашилова айтты.
Оның сөзінше, жаңа жоба арқылы елдің қасиетті жерлерін аралауға мүмкіндік бар. Себебі саяхатқа қатысушы жастар киелі өлкелерге барып, танымдық ақпарат таратады. Ал, ең жарқын жобалар «Turan-TV» арнасынан көрсетіледі.
Үміткер ретінде жоғары сынып оқушылары, колледж, университеттердің студенттері шағын бейнеүндеу жариялап, ұйымдастырушыларға жібереді. Үздік шыққан жобалардың иелеріне туристік турларға жолдама беріледі.