ҚХА мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы меморандумға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚХА мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы меморандумға қол қойды

16.07.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы тығыз байланыста болмақ. Бұл қатынасты тараптар меморандум арқылы бекітті.

Бұл - ғылым мен мәдениет аясындағы тікелей және өзара ынтымақтастықты орнату, ұлттың мәдени жазба мұрасын сақтау саласындағы келісім. Ол бойынша екі жақ бірігіп бар мүмкіндікті пайдаланбақ. Ғылыми-зерттеу қызметтерін тиімді пайдалану, мәдени мұраны сақтау, елдің тарихы мен тұрмыс салтына қатысты қолжазбалар, сирек кітаптардың құндылығын арттыру сынды жұмыстар жүргізілмек. Оған қоса, кітап жәдігерлерін қалпына келтіру, оларды цифрлық жүйеге көшіру, ол көшірмелерден микрофильмдер жасап оны сақтау секілді ауқымды жобалар атқарылмақ. Жоспарда зерттеуші ғалымдармен тәжірибе алмасу, жаңа ғылыми еңбектер жариялау да бар.

Айгүл Сәдуақасова, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы:

Осы орталықта жиналған қолжазбалар орта ғасырлардан бері келе жатқан көптеген жәдігер бар. Біз зерттеулерді қайта қарап, әлі де белгісіз жаңалықтарды алып шығуымыз керек.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу