Павлодарда ашық аспан астындағы палеонтологиялық музей ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ашық аспан астындағы палеонтологиялық музей ашылды

08.07.2019

Павлодарда ашық аспан астындағы палеонтологиялық музей ашылды.

Ел арасында «Қаз қонағы» деп аталып кеткен таңғажайып жер дәл Ертістің жағалауында. Көрер көзге кәдімгі жарқабақ. Ал кереметін археологтар жақсы біледі. Бұл жерді қорым деседе болады. Себебі алуан аң-құстың қанқасы жатыр. Ерекшелігі сол, Оңтүстік Америка мен Австралияның өзінде құрып кеткен 70-ке жуық жан-жануарларың сүйегі табылды. Олардың кейбірі Мәскеу, Тбилиси, Киев сынды ірі қалалардың музейінде тұр. Су шайып шығарған және қазба жұмыстары кезінде табылған қанжар азулы жолбарыс, үш тұяқты гиппарион жылқысы, мамонт, сібір бұғысы, африка керігі, гиена, түйеқұс мүсіндерін енді жаңа жағалауға келген жұртшылық тамашалайтын болады.

 

Болат Бақауов, Облыс әкімі:

 

Жекеменшік қаражат бөліп, осындай жағажайымызды жөндеп, қалпына келтірдік. Мына ашық аспан астындағы музейді барлық гиппарион дәуірінде болған жануарларды қойып, соны аштық бүгін. Халыққа өте ұнайды. Біздің қаламызда осындай ашық аспан астында музей бар.

 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу