Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады

26.06.2019

Елімізде ЮНЕСКО аясында Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы ашылады. Бұл құрылым Мәдениет және спорт министрлігінің негізінде құрылмақ. Орталықта Азиядағы мәдениатаралық ықпалдастықтың тарихы мен тәжірибесі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Келісім құжатына Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле қол қойды. Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" бағыты жайында айтты. Сондай-ақ, жастар жылына арналған іс-шараларға қатысты мәселелерге тоқталды.

 

Хабарламаларға жазылу