Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық» атты жаңа кітап жарыққа шықты. Еңбектің авторы - белгілі жазушы әрі саяхатшы Тинкай Кретова. Шығарма ұлттық патриотизмді насихаттап, дәріптеуге бағытталған. Онда қазақ жерінің ең әсем орындары жан-жақты баяндалады.
Сондай-ақ, тағдырлы адамдардың өмір тарихынан сыр шертіліп, сол арқылы тұмса табиғатты қорғаудың жолдары жазылған. Жаңа еңбектің таныстырылымына қоғам қайраткерлері, жазушылар мен жастар қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан жерінде жасалған фотосуреттер ұсынылып, бейнетүсірілімдер көрсетілді.
Тинкай Кретова, «Казахстанец» кітабының авторы:
- Мен Қазақстанда жиі саяхаттаймын. Біздің еліміз өзінің табиғатымен әрі ұлттық құндылығымен ерекше. Әсіресе, халықтың пейілін айрықша айтқым келеді. Сол себепті осы еңбегімді барлық отандастарыма арнаймын.
Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ