Осыған орай ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Курортты аймаққа келген қонақтар ат жарыс пен боз кілемде белдескен балуандардың күресін тамашалады.
Этноауылдың ашылуына байланысты қымыз фестивалі де өтті. Оған өңірде бие байлап, қымыз дайындап отырған кәсіпкерлер мен тұрғындар қатысты. Демалушыларға ұлттық сусынның 10-нан астам түрі ұсынылды.
Этноауыл күзге дейін жұмыс істейді. Жазда бірнеше ауқымды шара ұйымдастыру жоспарда бар. Бурабайға келген туристер осында ат басын бұрып, ұлттық тағамдардан дәм тата алады.
Болат Басжанов, жеке кәсіпкер:
- Өзіміздің үйде қымыз шығаратын комплекс бар кішігірім. Сонымен қымызды шығарып, Нұр-Сұлтанға, Көкшетау, осы Ақмола облысында сатамыз. Қымыздың бірнеше түрін шығарамыз. Уыз қымыз, бал қымыз, қазы қосылған қымыз, түнемелі қымыз деп айтады. Бірнеше түрлі қымыз шығарамыз. 60-қа жуық биеміз бар.
Андрей Мокроусов, демалушы:
- Мына жерде болып жатқан шаралар керемет. Алдымен қонақжайлыққа тәнті болдық. Қымызды алғаш рет ішіп көрдім. Ештеңемен салыстыруға келмейтін, ерекше сусын екен. Тұла бойына күш беретін сияқты. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ермек ЕЛБЕРГЕН