«Батырларға тағзым». Осындай атауды арқау еткен шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты. Ұрыс даласында қаза тапқан және елге аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен «Қазақ елі» монументі алаңына жиналды. Шеру алаңнан бастау алып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Отан қорғаушылар» ескерткішіне дейін жалғасты.
Спабек Баймұсаевтың атасы Әлібек Баймұсаев 18 жасында соғысқа аттанған. Ол батыр Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия құрамында майданды бастан-аяқ жүріп өткен. Кейіпкеріміздің атасы Жақып Баймұсаев 1942 жылдың қыркүйегінде Ленинград шайқасында қаза тапқан. Әкесі мен атасының ерлігін паш ете келген Спабек «батырлар рухына мың тағзым», -дейді.
Спабек Баймұсаев, қала тұрғыны:
Мерекелік шеруге 25 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де бар. Шеруге қатысушылардың қауіпсіздігі үшін 15 топқа бөлшектенді.
Еліміздің бас алаңынан басталған шеру «Отан қорғаушылар» монументінде аяқталды. Ыстық күнге қарамастан шараға қатысушылар 7 шақырым аумақты жүріп өтті.
Ибрайым Шалтықов, қала тұрғыны:
Мереке жақсы өтіп жатыр. Отан тыныш болсын.
Шеру соңы мерекеге ұласты. Тұрғындар отбасымен, кішкентай балаларымен саябақтарда ұйымдастырылған мерекелік шараларға қатысты.
Ғабит БӨКЕНБАЙ