Алматыда GO VIRAL фестиваліне арналған баспасөз мәжілісі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда GO VIRAL фестиваліне арналған баспасөз мәжілісі өтті

30.04.2019

«Жаңа: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын» тақырыбымен маусым айының 14-16 аралығында өтетін шарада жер шарындағы технологиялық өзгерістердің бетбұрысы айтылады.

Оған әлемнің әрқиырынан инноваторлар мен кәсіпкерлер және ақпарат саласының мыңнан аса үздіктері қатысады. Мамандар ең әуелі бизнесте өз тәжірибелерімен және жеткен жетістіктерімен бөліседі. Адамдарға пайдалы жобаларды үлгі ретінде дамытуды ұсынады.

Орталық Азия мен АҚШ-тан келген кәсіпкерлер осы алаңда бір-бірімен танысады. Кейін таныстықтарын әрі қарай әріптес ретінде бекітіп, бір-бірімен іскерлік қарым-қатынас жасауға жол ашады. Сондай-ақ, әлемді өзгертетін жобалардың өміршең болуына ықпал ететін түрлі келісімдерге келу көзделген.

Шэннон Хилл, Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының БАҚ, мәдениет және білім бөлімінің басшысы

- Бұл фестивальді америкалық дипломатиялық өкілдігі Алматыда үшінші рет өткізіліп отыр. Онда технолог мамандар заманауи технологияның біздің өмірімізді қалай өзгертетінін айтып береді. Мәселен, медиа кеңістігіндегі жаңа технологиялар. Сондықтан бұл кәсіпкерлер мен қоғам белсенділерінің жаңа ойларын ұсынатын үлкен алаң болады деп ойлаймын.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу