Қазақтың дәстүрлі ән өнерін зерттеп, дамытқан тұлғаға арнап Қарауылдағы саз мектебінен сынып ашылып, мүсіні қойылды. Шара «Алаштан ән оздырған Жәнібек» атты оқушылар арасындағы І республикалық ән байқауымен жалғасты. Оған еліміздің 9 облысынан 50-ге тарта қатысушы келген.
Өнер майталмандарының айтуынша, бұл - елімізде жастар арасында өтіп тұрған ең ауқымды сайыс. Қазақтың дәстүрлі ән өнерін жас буынның арасында дамыта түсу үшін арнайы 8 бен 15 жас аралығындағы өнерпаздар таңдалып алынған.
Ержан ЖАҚЫП