Оңтүстік Корея президенті Алматыдағы Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея президенті Алматыдағы Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында болды

22.04.2019

Өнер ұжымымен кездесіп, қазақ жеріне жер аударылған корей ұлтының тағдыры туралы сахналық қойылымды көрді. Спектакльде оларды өз жерінен күштеп әкеліп, қақаған аязда далаға тастағаны, жергілікті қазақ халқының қол ұшын созып, көмектескендігі көрсетілді. Тарихи сәтті баяндаған сахналық қойылым аяқталған соң, Мун Чже Ин мырза мен жұбайы Ким Чжон Сук екеуі театр ұжымымен естелік суретке түсті.

Любовь Ни, Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрының директоры:

- Бүгін үлкен тарихи оқиға болды. Өйткені Корей Республикасының президенті біздің театрымызға тұңғыш рет келді және біздің бұл елде өз мәдениетімізді ұмытпай, салтымызды сақтауымызға бар жағдай жасалғанын көрді. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтық пен мәдениетті қолдаудың көрінісі. Өйткені, корей театры ТМД бойынша тек Қазақстанда ғана бар. Биыл біздің ұжымға 87 жыл толып отыр. Ал, мұндай тарихы тереңде 90 жылға жуықтаған театр, тіпті, Оңтүстік Кореяда да жоқ.

Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу