Кеш «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына және Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орайластырылды. Мақаланың «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында ұлттық өнерді кеңінен насихаттау жайы айтылған. Жоба сол құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Фестиваль ел бойынша осымен 7-ші қалада өтіп жатыр. Мақсат – еленбей, ұмыт боп бара жатқан жыраулық өнер, дәстүрлі ән, терме, күй арқылы көрерменнің рухын ояту. Шынайы өнерге шөлдеп қалған халық қиқу салып, ән-жырды зор ықыласпен, сүйсініп тыңдады.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ