Қытай жазушыларының танымал шығармалары қазақ тіліне аударылды. Елбасының «Рухани жаңғыру» аясында Алматыда өткен шараға, елге белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері мен Қытай халық республикасынан арнайы келген қаламгерлер қатысты.
Есімі жұртқа мәлім қытайтанушы-жазушылар Дүкен Мәсімханұлы мен Қалбан Ынтыханұлы көрші ел әдебиетінің аса көрнекті өкілдері Ба Цзиннің «Әулет», Мао Дунның «Түн», Лао Шэнің «Түйе Шияңзы» және Шэнь Цуңвэннің «Шалғайдағы шаһар» шығармаларын тәржімалаған. Жазушы Нұрлан Оразалиннің сөзінше, мұндай игі бастама екі мемлекеттің арасындағы әдеби байланысты одан әрі қарй нығайтады.
Нұрлан Оразалин, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері:
Бүгін бір жаңа тарихи кезеңнің басы секілді болып отыр бұл. Мұндай дүние бұрын болмаған. Жаңа басталып жатыр. Бізді де олар аударып жатыр. Құдайға шүкір, Абай аударылды, Әуезов аударылды, Мұқағали аударылды. Міне, осындай аудармалардың жалғасы. Жалғасы болады, деген ойдамыз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ