«Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жебелі қылшанның» таныстырылымы өтті

18.04.2019

Алматы облысындағы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде қайта қалпына келтірілген «Жебелі қылшан» таныстырылды.

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай өткен шараға сала мамандары мен туристер қатысты. IX-X ғасырларға жататын тарихи жәдігер бұған дейін «Алтын адам» қабірінен табылып, жайпақ табақ ретінде көрсетілген. Ал, елге белгілі реставратор Қырым Алтынбеков қабығы қайың ағашынан жасалған «Жебелі қылшанды» ұзақ уақыт өңдеп, қайта қалпына келтірген. «Дала өркениетінің жауынгерлік қуаты мен бай өркениетін әйгілейтін осындай тарихи жәдігерлердің маңызын кейінгі ұрпаққа аманаттау - міндетіміз», - дейді ғалым.

Қырым Алтынбеков, реставратор

- Ғалымдар үшін ол өте маңызды заттар болады. Өйткені соған қарап отырып, қайда, қашан жасалғанын білуге болады.

Нұрлан Асқарұлы

Хабарламаларға жазылу