Авторы - танымал жазушы Медеу Сәрсеке. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына биыл - 120 жыл. Соған орай Керекуде жыл аяғына дейін түрлі шаралар өтеді.
Қаныш Имантайұлы геология ғана емес, басқа салалар бойынша да ғылыми жаңалықтар ашты. Соның негізінде ірі кәсіпорындар салынып, қазба байлықтарының мол қоры жинақталған кен орындары игерілді. Оның еңбектерін бүгінде бүкіл әлем мойындап отыр. Ал, Сәтбаевты зерттеуді 60 жыл бұрын қолға алған жазушы Медеу Сәрсеке әлі үзденіс үстінде. «Тау тұлғалы қазақ ғалымы қалдырған қазына сарқылмайды», - дейді ол.
Болат АМАНБАЕВ