Музыкант Саида Қалықованың шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыкант Саида Қалықованың шығармашылық кеші өтті

17.04.2019

Халықаралық байқаулардың лауреаты, «100 есім жобасына» енген музыкант  Саида Қалықованың шығармашылығына 20 жыл. Осыған орай, «Астана» концерт залында «Ырыс күнім» атты тегін мерекелік кеш өтті. 

Онда  Саида Қалықова шетелдік композиторлары мен авторлық туындыларын орындады.  «Музыка - бұл шынайы сұлулық пен қуаныш. Өмірдің мәні» деген қағиданы ұстанатын Саида Қалықова 100 есім жобасының жеңімпазы.

Ол көру қабілетінен айырылса да әлем сахналарын мойындатып жүрген жерлесіміз. Ерекше дарын иесі Италияда оқып, соңғы кездері Еуропа елдерінің сахналарында 15-тен астам жеке концерт берген. 

Гүлшекер Қуанбай, «Болашақ» «xалықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз xатшысы:

Көп адамдар, он екі мүшесі сау адамдар еңбектенуге кішкене ерініп, жалқаулығы ұстап, оқуға ерініп жатқан кезде, ол көзінің көрмейтіндігіне қарамастан, толық музыкалық ең жоғары білімді алды және халықаралық болашақ бағдарламасының түлегі, яғни стипендиясын жеңіп алды.

Хабарламаларға жазылу